Жұқпалы ауру: Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Нұр-Сұлтанда субұрқақтан энтеровирус анықталды. Бұны елорданың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді. Шомылу маусымы басталғандықтан бұл сырқатқа шалдыққандар саны 2,6 есе өскен. 98 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Қазір 63 бала ем алып жатыр. Санитар мамандар қаланың әр ауданындағы фонтандардан сынама алған. Зертханалық талдауға сәйкес он шақты субұрқақтың нәтижесі нормаға сай болмай шықты. Мамандар балалар мен ата-аналарды барынша сақ болуға шақырады.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде жанармай тапшылығы қайтадан күшейді
24.09.2026, 17:40
Азиаданың бесінші күні: 1 алтын, 4 күміс, 1 қола
24.09.2026, 17:38
Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасы Қытайда дәріптелді
24.09.2026, 17:37
Қалдық тапсырып, ақша табуға болады
24.09.2026, 17:35
«Шардара – Келес» жолын қоқыстан тазартты
24.09.2026, 17:34
Қызылордада эко-белсенді үш мыңдай көшет еккен
24.09.2026, 17:33
Бурабайда электр моторлы трамвайлар маршруты іске қосылды
24.09.2026, 17:27
Алматыда ₸ 1 млн 700 мың айыппұл төлемеген жүргізуші анықталған
24.09.2026, 17:25