Қызылорда облысында 15 адам конго-қырым қанды безгегіне шалдықты
Қызылорда облысында кенеден келетін кесел өршіп тұр. Зиянкестерден жапа шеккен 15 адам Конго-Қырым қанды безгегіне шалдыққан. Эпидахуалды өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей эфирде баяндауға әзір.
Әділбек Серікұлы тілші:
Мамандардың айтуынша, науқастардың көбі дертін асқындырып барып медициналық көмекке жүгінген. Яғни, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Өлім-жітім жағдайы тіркелмеген. Дегенмен, жан сақтау бөлімінде жатқан науқастардың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер барын салып жатыр. Биыл облыста Конго-Қырым қанды безгегін тасымалдайтын зиянкестер күрт көбейген. Сондықтан, эпиджағдай күрделі деп отыр мамандар.
Әлия Әбдіқайымова, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары:
Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы ауруының қоздырғышын тасымалдайтын 16 түрі бар. Экзотты кенелердің 16 түрі бар. Оның 4-еуі осы оңтүстік Қазақстан Түркістан облысына тиесілі, сол облыстарда кездесетін кенелер. Бүгінгі күні малдың миграциясы осы екі облыс ортасында өте жоғары. Соның салдарынан экзотты кенелердің түрлері де жылдан жылға өсіп келе жатыр.
Әділбек Серікұлы тілші:
Жалпы аймақта кененің ошағы ретінде 116 елді мекен айқындалған. Зиянкестер әсіресе, өңірдің оңтүстік аумағында өршіп тұр. Көктемде далалық жерлер мен қора-қопсыларға залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Десе де, дәл қазір одан айтарлықтай оң нәтиже болмай тұр. Ал мамандар тұрғындарды далалық жерде сақ болып, кене шаққан жағдайда дереу дәрігер көмегіне жүгінуді сұрайды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да көпірлердің техникалық жағдайы тексеріліп жатыр
17.09.2025, 20:42

Алматыда қала көшелері су астында қалды
17.09.2025, 20:19
Интернет алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды
17.09.2025, 20:19
Елімізде архив қызметкерлерінің жалақысы өседі
17.09.2025, 20:15
Болашақтың айқын бағдары
17.09.2025, 20:08
Интернетте экстремистік идеялардың таралуына қарсы тұру маңызды
17.09.2025, 20:07
Astana Motors: көлік бағасы арзандады
17.09.2025, 20:06
Астана - әлемдік дін көшбасшыларын біріктіретін алаң
17.09.2025, 20:03