Баянауыл ауданы, Құндыкөл ауылына қарасты жалғыз су көзін инвесторға беріп жіберген. Бірақ, бұны жергілікті билік білмедік- деп отыр. Жаңа қожайын болса, көлді айналдыра қоршап, жергілікті тұрғындарға мал суаруға, шомылуға және балық аулауға тиым салмақшы.
Құндыкөлде 500 ден аса адам тұрады. Ауылдың негізгі тіршілігі мал шаруашылығы.
Теміртай Арыстанбеков, Құндыкөл ауылының тұрғыны:
Мынау көлге қазір міне жылқы түседі. 500 бас. Міне қой жатыр. Бәрі осы көлден су ішеді. Басқа маңайдағы көлдер сасып кетті. Жауын жоқ. Сол малды суартпаймыз, мына жақты қоршаймыз, деп будка әкеліп қойыпты.
Қуандық Ивашев, Құндыкөл ауылының тұрғыны:
Ауылды айналдыра 5 шақырырымнан ешкімге берілмеуі керек. Міне мына тұрған көл ауылдан 200 метр. 200 метр тұрған көлді қалай берді? 10-20 пайызы халықтың жұмыс істейді. Бәрі осы көлмен күн көріп отыр. Осы ауылды асырап отырған осы көл.
Көл өткен жылы жалға беріліпті. Бірақ конкурс өткізілгенін ауыл әкімі де, аудан әкімшілігі де білмеген. Себебі, құжатта басқа көл көрсетілген.
Самат Ибраев, Құндыкөл ауылының әкімі:
Құмдыкөл деп келді. Құмдыкөл деген ол Біржанкөлдің арғы жағында, сол көл. Бәріміз ойладық ана көлді қойып отыр деп. Ол елден алыс көл. Біржанкөл ауылынан. Сол көл деп ойладық. Көлді берген кезде бізге келіп халықпен кездесу өткізілмеген. Алдын-ала келіп осында кездесу болуы керек еді. Халық білген жоқ, біз де білген жоқпыз.
Конкурсқа шығарып, ауылды көлден айырған өңіраралық балық инспекциясы. Заңда қоғамдық тыңдау өткізу немесе елді мекен тұрғындарын құлақтандыру қарастырылмаған, дейді олар.Тіпті, бұл ауыл халқына жасалған игілік дейді.
Сағын Төлеутаев, Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары:
Балық шаруашылығын дамыту арқылы сол жергілікті жерде қосымша жұмыс көздері болады, қосымша кішігірім ауданға, өңірге инвестиция болады. Ол бір мәселе. Көлдерді бекітудің тағы бір пайдасы ол браконерства дейміз ғой, заңсыз балық аулау фактісінің алдын- алады.
Басқарма көлді енді кері қайтара алмайтындарын айтады. Кәсіпкер заң талабын бұзған жағдайда ғана бұл мәселе қарастырылуы мүмкін. Ал, халықтың арыз талабы бойынша облыс әкімдігі ғана шешім қабылдай алады екен. Материал эфирге дайындалып жатқан кезде көлді жалға алған кәсіпкер хабарласып тұрғындардың малын суаруға кедергі келтірмейтінін, көлді қоршамайтынын айтты.
Болат Аманбаев