АҚШ Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын арттырмақ

03.06.2014
АҚШ Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын арттырмақ
АҚШ Шығыс Еуропадағы әскери ықпалын арттырмақ. Польшада сапармен жүрген Барак Обама осылай деп мәлімдеді.
 
Бұл жоспарын жүзеге асыру үшін АҚШ президенті Конгресстен қосымша 1 миллиард доллар бөлуді сұраған. Қаражат өңірде АҚШ-тың әуе және теңіз күштерін орналастыруға, әскери жаттығулар өткізуге және персоналды дайындауға жұмсалмақ.
 
Ал, Еуропа елдеріне бастаған сапарынан бұрын, Барак Обама Құрама штаттар Грузия, Молдова және Украина елдерінің әскери потенциалын арттыруға көмектесетінін мәлімдеген еді.  
 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ
 

Хабарламаларға жазылу