Ақтөбеде қауіпті саналған 900 иттің көзі жойылды
Ақтөбеде ит талап, қаза болған 12 жастағы Мадиярдың оқиғасынан кейін 900 иттің көзі жойылған. Бұл туралы Облыстық етеринария басқармасы мәлімдеді.
Арыз-шағым да күрт көбейген. Алайда мамандар облыс орталығында қанша қаңғыбас ит барын нақты айта алмай отыр. Оларды уақытша ұстау орындары да аз. Ең үлкен деген панажайдың өзі тек 500 итке арналған.
Мамандар арыз бойынша, бұралқы иттерді аулап, ол жерде тек 5-10 күндей ғана ұстайды. Залалсыздану жасалып, екпесі егілген соң, қайта бостандыққа жібереді. Ал адамдарға қауіп төндіретіндерінің көзі жойылады. Ол заң шеңберінде жүзеге асып жатыр.
Құсайын Сәрсенбай, облыстық Ветеринария басқармасының басшысы:
2 наурыздан бүгінгі күнге дейін 1 500 ит тек Ақтөбе қаласында ұсталып, жансыздандырылған. Әрине, ол бұрынғы көлемнен аздау. Бірақ біздің қазіргі ең басты жұмысымыз – азаматтардың өз өтініштері бойынша немесе полиция қызметкерлерінің өтінішімен шығып, тексеріп жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық құрама 16 рекорд жаңартты
15.08.2026, 20:19
Абай облысында тазалық акциялары түрленіп келеді
15.08.2026, 20:18
Елордада Шәмші әндері жаңаша форматта шырқалды
15.08.2026, 20:18
Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15.08.2026, 20:17
Алматы облысында жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді
15.08.2026, 20:14
Шеберлер мен зергерлер туындыларын жәрмеңкеде саудалады
15.08.2026, 20:13
Заң мен тәртіп – әділетті қоғам негізі
15.08.2026, 20:08
Неке және отбасы құндылықтары Конституция деңгейінде қорғалған
15.08.2026, 20:06