Татарстан Республикасының Астанадағы күндері аясында гала концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Татарстан Республикасының Астанадағы күндері аясында гала концерт өтті

20.09.2014
Татарстан Республикасының Астанадағы күндері аясында гала концерт өтті

Татарстан  Республикасының  Астанадағы  күндері аясында 500-ге  жуық  әртістің қатысуымен  гала-концерт өтті.  Мерекелік шарада Марат Галимов, Регина Валиева сынды Татарстанның танымал жұлдыздары өнер көрсетті. 

Биыл татар музыкасының классигі, тұңғыш ұлттық балеттің негізін  қалаушы Фарид Яруллиннің туғанына 100 жыл толып отыр. Өнер саңлағының  жолын қуған  шәкірттері  астаналықтарға  ән-би тарту етті.  

Лаура  БЕКЖІГІТ

Хабарламаларға жазылу