Бүгін Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

27.06.2022

Бүгін Мәжілісте журналистерге арналған «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды. «Үздік бейне-сурет материалы» номинациясын «Qazaqstan» телеарнасының операторы Советхан Жағиев иеленді. Ал «Үздік интернет және радио материалы» аталымында Қазақ радиоларының «Парламент сағаты» бағдарламасының авторы Алмас Байдрахманов жеңімпаз деп танылды. Журналистер қауымын Мәжіліс төрғасы Ерлан Қошанов құттықтап, сайыстан үздік шыққандарға шыны мүсін мен диплом табыс етті. Парламенттік сыйлық биыл алтыншы рет беріліп отыр. 

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу