Елімізде алғаш рет журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алғаш рет журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығы табысталды

22.06.2017

Елімізде алғаш рет журналистерге «Парламент сөзі» сыйлығы берілді. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин келе жатқан Байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап,  Қазақстанымыздың  дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген журналистерге алғысын білдірді.

«Мәжілістің заң қызметін  бүкіл республикаға, еліміздің әрбір азаматына   жеткізуде тілшілердің еңбегі зор», - деді.

Жеңімпаздар алты аталым бойынша анықталды. «Үздік телевизиялық сюжет үшін» аталымы бойынша арнамыздың тілшісі Индира Бегайдар, «Үздік интернет және радио материалы үшін» аталымы бойынша Қазақ радиосының ұжымы марапатталды. Сайыстан үздік шыққан жеңімпаздарға Парламент бейнесінде арнайы жасалған мүсіндер мен дипломдар табыс етілді.

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу