«Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мың бала» жобасының жеңімпаздары марапатталды

20.11.2020

Бүгін елордада «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталған шара әртүрлі ұлт өкілдерінің жастарына қазақ халқының дәстүрін, мәдениеті мен тілін үйретуге арналған игі бастамаға айналған. Жобаға қатысушылардың саны жыл сайын артып келеді. Айта кетейік, биыл 65 адам жеңімпаз атанды. 

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:
«Мың бала» жобасы түрлі этникалық топтар арасында қазақ тілін меңгеруіне жағдай жасап, қазақтың тарихы және салт-дәстүрін танытуды көздейді.

Мадина Жолдас

Хабарламаларға жазылу