«Amanat» сыйлығы: Үздік журналистер марапатталды
Дәл қазір елордада үздік журналистерді марапаттау рәсімі жүріп жатыр. Аманат партиясы дәстүрлі байқауын қорытындылады. Билік пен қоғамның арасында дәнекер боп жүрген тілшілерге «Аманат» медиа сыйлығы табыстылып жатыр. Әріптесім Шерхан Жамбылұлы да осы іс-шарада. Шерхан биылғы байқаудың ерекшелігі қандай?
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Қайырлы кеш Саламат! Басты ерекшелігі бәріміз көріп тұрғандай партиямен қатар сыйлықтың да аты өзгерген. Бұрын «Нұр сұңқар» атауымен табысталатын марапат биыл «Аманат» болып өзгеріп отыр. Дегенмен шара ауқымы кеңейе түскендей. Биыл қауырсын қалам бейнесіндегі мүсінше 10 аталым бойынша табысталады. Сонымен қатар номинациялар жанрлық сипатта емес, тақырыптық бағытта алынып отыр. Яғни, үздік телебағдарлама немесе үздік мақала дегеннің орнына өзекті тақырыпқа сай жасалған кез келген журналистік материал оза шауып, бәйге алуы мүмкін. Осы орайда партияның атқарушы хатшысы Асхат Ораловтың сөзінен үзіндіге құлақ түрсек
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Иә, биылғы байқауға бас аяғы 261 өтінім келіп түскен. Басым көпшілігі, яғни 70 пайызы өңірлердегі журналистердің материалдары. Сонымен қатар жас тілшілер де белсенділік танытқан. Ендеше қазір ғана сыйлыққа ие болған әріптесімді сөзге тартсам.
Салтанатты шара әлі де жалғасып жатыр. Биыл бірнеше арнайы номинациялар да қосылып отыр. Олар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Сөз зергері», Шерхан Мұртаза және Камал Смайылов атындағы «Телевизия үздігі» және «Белсенді азаматтық ұстанымы үшін» атты сыйлықтар. Әзірге осы. Саламат Сөз кезегі өзіңде.
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
