Жайылым тапшы: Түркістан өңірінің халқына 3 млн гектар жер қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жайылым тапшы: Түркістан өңірінің халқына 3 млн гектар жер қажет

23.06.2022

Түркістан облысының халқы үшін 3 млн гектар жайылымдық жер қажет. Себебі елдімекендердің айналасы жекенің қолына өтіп, егістік алқапқа айналып кеткен. Кәсіпкерлер онда мал түссе қамап, жаға жыртысуға дейін барады. Өңірге арнайы келіп, халықпен кездескен Мәжіліс депутаттары мен Бас прокуратура өкілдеріне , тәуелсіз сарапшыларға ауыл тұрғындары осындай талаптарын жеткізді. Ордабасы ауданы, Ақсары ауылында өткен кездесуде "Amanat" партиясы жанынан құрылған комиссия мүшелері жерге қатысты проблемаларды жан-жақты талқылап, тұрғындардың сауалдарына жауап берді. Олардың айтуынша, Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы 140 мың гектар жайылымдық жер мемлекет меншігіне қайтарылған. Ал, Түркістан облысында 17 мың гектар жайылым жер халықтың иглігіне берілген. Десе де, шешілмеген мәселе аз емес.

Алмасхан Нарбек, Ақсары ауылының тұрғыны:

Мына үйде бес бала бар, төрт баласы бар. Жастардың барлығында жер жоқ. Бір гектар жер жоқ жұмыс істейін десе. Ауданға барса 20 гектардан кем жүрмейді екен конкурс бойынша. Ал енді мен сіздерге айтайын деп ем, жас семьяларға 1-2 гектардан жер берсе күнін көрер еді. Қаңғырып барлығы дуана болып, тачка айдап жүр қазір.

Дәулет Кәрібаев, «Amanat» партиясының хатшысы:

Түркістанда облыстық жер комиссиясын құрамыз. Сол «Жер аманаты» комиссиясы осындай мәселелердің барлығын қарап беріп отыратын болады. Заңға мынадай ұсыныс енгізсе, кадасторлық нөмірлер былай берсілсе деген ұсыныстар беріп жатыр. Біз оның барлығын алып, заңды өзгерту бойынша ұсыныстарды жинап, алып кетеміз.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу