«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Маңғыстау тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін бірқатар жобана қолға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Маңғыстау тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін бірқатар жобана қолға алды

23.06.2022

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Маңғыстау тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту үшін бірқатар жобана қолға алды. Нәтижесінде биыл 1600 жаңа жұмыс орны ашылады. Осыған орай, өндірістік және әлеуметтік мәселелерді жедел әрі, барынша тиімді шешу үшін, Ақтауда компанияның өкілдігі ашылды.

Ақтаудағы өкілдік - батыс өңірдегі компаниялардың қызметіне жетекшілік етпек. Атап айтқанда, тұрғындарды жұмыспен қамту үшін, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен, құзырлы компаниялардың кәсіподақтарымен ортақ жұмыс істейді. Кен орындардың игерілуі, өнімді ұлғайту барысы бақыланады.

Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы:

Биыл Каспий теңізінде орналасқан Жеңіс структурасында бұрғылау жұмыстары басталмақ. Сонымен қатар, Бектұрлы шығыс жобасы және Өзен Қармандыбас кен орындарындағы іргелес аумақта геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы Президентіміздің тапсырмасы аясында жасалып жатыр.

Басқарма Төрағасы сала ардагерлері және жергілікті әкімдік өкілдерімен кездесіп, компанияның алдағы жоспарымен бөлісті.Олар - өңір халқын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, Кендірлі кентінде теңіз суын тұщыту зауытын салып, Астрахань - Маңғышлақ су тарту құбырын реконструкцияламақ.

Сағын Қырымқұлов, ардагер мұнайшы:

Еліміздің жағдайы, жұмысшылардың жағдайы сол жөнінде ашық әңгімелер айтылды. Жұмыс орындары ашылатын болды. жаңа мекемелер ашылатын болып жатыр. су мәселесі проектілері жасалып жатыр деді, соның біз енді ең соңғы қорытындысын күтеміз.

Қазір өңірде Қазмұнайгаздың еншілес компанияларында 20 мыңдай адам еңбек етеді. Ал, мердігер мекемелерде 15 мыңға жуық жұмысшы бар.

Тілектес Байжанова, оператор:

Бұрынғы жылдарға қарағанда қазіргі жұмысымыз өте оңай. Аппараттарымыз жаңартылды. Қондырғыларымыз жаңарған. Әр участокте компютермен жұмыс жасайды.

Басқарма төрағасы сапары барысында жуырда іске қосылатын Қаражанбас кен орнындағы су тұщыландыру зауытында болды. Мұнда өндіріске және тұрмысқа қажетті су өнділеді. Сондай-ақ, ол бірқатар өндірістік нысандарды аралап, кешенді жоспар аясындағы жобалармен танысты.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу