Қарағанды облысы: Үш ауданда дала өрті тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысы: Үш ауданда дала өрті тіркелді

22.06.2022

Қарағанды облысының үш ауданында дала өрті әлі де толық ауыздықталмай отыр. Қарқаралы, Бұқар жырау мен Осакаров аудандарында құтқарушылардың күшімен жалын әлі де сөндіріліп жатыр. Яғни, бықсыған ошақтарды толық өшіру үшін кезекшілер күні түні сол аумақтарда жүр. Бір ғана Бұқар жырау ауданында 150 гектардай аумақ қызыл жалын құрсауында қалған. Оны сөндіруге 145 адам тартылды. Осакаров ауданында тұтанған тілсіз жау көлемі мың гектардан асса, Қарқаралы ауданында өрт 250 гектар аумаққа тараған. Қазір өрттің әрі қарай таралуын болдырмау мақсатында жерді жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алапат жалынды ауыздықтауға өзге облыстан МИ-8 тікұшағы тартылған. 

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу