Ресей теңізде бақылау орната алған жоқ – шетел барлаушылары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей теңізде бақылау орната алған жоқ – шетел барлаушылары

21.06.2022

Ресей Украинамен қарулы қақтығыс барысында теңізде бақылау орната алған жоқ. Бұл – британиялық барлаушылардың мәліметі.

Өткен аптада Украина батыстан алған «Гарпун» атты кемеге қарсы жүйені сәтті қолданғанын мәлімдеген. Жанжал басталғалы Ресей «Москва» крейсерімен бірге бірнеше кемесінен айырылды.

Ал Северодонекціде қиянкескі ұрыс жалғасып жатыр. Қаладағы «Азот» зауытынан басқа аудандар Ресейдің бақылауына көшкен. Кәсіпорында украиналық сарбаздармен қоса жүздеген бейбіт тұрғын бар.

Ресми Киевтің мәлімдеуінше, қарулы қақтығыс басталғалы, Ресей армиясымен шайқаста 10 мыңдай сарбаз қаза тауып, 30 мыңы жараланған. 

Хабарламаларға жазылу