Елордада өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды
Елорда маңындағы өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды. Өйткені отқа оранған аумақтың басым бөлігі сулы-батпақты жерде орналасқан.
Қорғалжың тас жолы бойындағы қамыс пен құрғақ шөп кеше түстен кейін жана бастаған. Соңғы мәлімет бойынша, қызыл жалын 6,5 гектар аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 30 техника және 122 адам жұмылдырылды.
Ал бүгін таңертең «Қазавиақұтқару» мекемесінің МИ-8 тікұшағы жіберілді.
Зардап шеккендер жоқ.
Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрттің жасыл белдеуге қаупі жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада тамыз кеңесі өтті
18.08.2026, 13:20
Студенттер фермерлерге арналған цифрлық көмекші әзірледі
18.08.2026, 13:17
Трамптың рейтингі 33%-ға дейін төмендеді
18.08.2026, 13:15
Филиппинде мектепте болған атыстан оқушылар қаза тапты
18.08.2026, 13:10
Логистикалық компанияға ₸262 млн 600 мың айыппұл салынды
18.08.2026, 13:07
Егін ору: 2,6 млн гектардан дәнді дақыл жиналды
18.08.2026, 13:05
Мектептерге санитариялық бақылау күшейді
18.08.2026, 13:03
Биылғы оқу жылында жаңадан 47 мектеп ашылады
18.08.2026, 13:00