Павлодар облысында ауылға барған инвесторлар мал бағудың бұрын-соңды болмаған тың тәсілін тапқандай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында ауылға барған инвесторлар мал бағудың бұрын-соңды болмаған тың тәсілін тапқандай

17.06.2022

Павлодар облысында ауылға барған инвесторлар мал бағудың бұрын-соңды болмаған тың тәсілін тапқандай. Мыңдаған гектар жайылымды ор қазып қоршап, оған малды бақташысыз жібере салған. Ал, тұрғындар үзілді-кесілді қарсы. Бұл топырақты тоздырып, жерді аздырады әрі экологиялық апатқа әкеледі дейді олар. Әкімшілік болса мәселеге мән бермеген. Тек ұлттық арнаның түсіру тобы барған соң, иен далада ор қазудың заңсыз екенін мәлімдеді.

Сар даланың топырағын сапырып жатқан мына тракторды тоқтатуға Баскөл ауылы түгел бас көтерген. Шамалары жетпепті. Содан әкімге, прокурорға, депутатқа шағымданған. Бірақ ол харекеттпрінен де қайыр болмаған.

Ағыбай Әмірин, Май ауданының әкімі:

Өз ойым мен қолдамаймын жер қазуды. Басқадай заңда, мысалы жер кодексінде қоршау туралы ештеме айтылмаған.

Мұратбек Қаратайұлы, Май аудандық мәслихатының депутаты:

Менің жерім, ешкім кірмесің деген сондай адамдарда ой-пікрі туып жатыр. Олардың ата-басынан қалған жері жоқ қой. Оған шаруашылық жүргізсің деп арендаға беріп жатқан шығар арендаға. Мына біздің керемет байтақ жерімізді ор қазып қиянат жасап жатқаны дұрыс емес енді.

Осындай жалтақ жауаптан жалыққан жұрт журналистерді шақырды. Себебі, малды қырға шығарудан қалған. Оның үстіне Май Абай облысының Курчатов қаласымен шекаралас. Полигон зардабын тартқан аудан.

Мақсұт Есмұқанов, Көктөбе ауылының тұрғыны:

Қазақстанда көбінесе жел. Мынау эрозия. Бұл жерді ертең көмген кезде еш нәрсе өспейді. Елде жоқ нәрсені көрсетіп отырмыз. Бұндай Қазақстанда жоқ. Біздің Май ауданынан шығып отыр.

Бұл малды шығынсыз бағып, жаюдың тың тәсілі дейді жергілікті фермерлер.

Аманкелді Құсайынов, Шаруа қожалығының басшысы:

Бұл жерді 800 гектар, 1 мың гектар, 10 мың гектар жерді бөліп, қоршап жаңағы қазып алады да, кіріп-шығар есігін жасап, содан малды ішіне кіргізіп, суарып күніне 1 мезгіл, болмаса екі күнде бірмезгіл ме, соған бұл жаңа тәсіл.

Ал, жерді жалға алған инвестор бұндай амалға шарасыздықтан бардым дейді.

Айдар Мұсайыпов, кәсіпкер:

Малдардың ішінен ауру да шығып жатыр. Біз сондықтан өз малымызды ары қарай әкетіп сол жерде бағып жүрміз. Осы малдармен қосылмасын деп. Сондықтан осы жерді қазып, қазір қоршау салып жатырмыз. Екіншіден осы жерге житняк отырғыздық. Житнякты басып жылқылар таптап жатыр. Неше түрлі аң, басқа мал, бөтен мал өтпеу керек, кірмеу керек бұл жерге.

Ор қазып қоршау жасауға осы ауданның бірнеше шаруашылығы кіріскен. Енді олар қазған жерлерін қайта жабуы тиіс.

Нұржан Мұқанов, Облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы:

Заң бойынша, жайылым бойынша оны қоршауға болады. Сыммен, электронды бақташы деген бар. Бірақ қазуға болмайды.

Мал баққанға бітеді. Бірақ ор қазып, от жатққанға дегенді естімеппіз!

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу