АҚШ-тың Орталық банкі пайыздық үстемені бірден 0,75 пайызға көтерді. Бұл – 1994 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.
Қаржылық ұйым төрағасы Жером Пауэллдің мәлімдеуінше, несиені қымбаттату туралы шешім шарықтап бара жатқан инфляцияны тежеу үшін қажет болып отыр. Қаржыгердің сөзінше, алдағы мақсат – инфляцияны 2 пайызға дейін түсіру.
Айта кетсек, мамырда Құрама Штаттарда инфляция деңгейі 8,6 пайызға дейін өсіп, соңғы 40 жылдағы ең жоғары көрсеткішке дейін көтерілген еді.