Шотландиялықтар тәуелсіздікті тағы да дауысқа салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шотландиялықтар тәуелсіздікті тағы да дауысқа салмақ

15.06.2022

Шотландия Ұлыбританиядан тәуелсіздік алу мәселесін тағы да референдумға салуға ниетті. Бұл турасында осы аймақтың премьер-министрі Никола Стерджен мәлімдеді.

Оның сөзінше, елдің Еуропа одағынан шығуына дауыс бермеген жергілікті тұрғындар қазір баспана қымбатшылығынан, баяу экономикалық өсімнен, күшейіп келе жатқан теңсіздіктен, шектеулі мемлекеттік қаржыландырудан зардап шегіп отыр.

Британ үкіметі болса, бұл референдумға қарсы. Оның мәлімдеуінше, 2014 жылы шоталдықтардың 55 пайызы корольдіктен бөліну идеясына қарсы дауыс бергендіктен, қайта көтеру дұрыс емес.


Хабарламаларға жазылу