Басты Жаңалықтар Шымкенттте заңсыз алкоголь өнімін өндіріп келген жасырын цех анықталды

Шымкенттте заңсыз алкоголь өнімін өндіріп келген жасырын цех анықталды

Шымкенттте заңсыз алкоголь өнімін өндіріп келген жасырын цех анықталды. Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша тінту кезінде арақтың бірнеше түрінен 3 мыңға жуық бөтелкедегі ішімдік тәркіленген. Сондай-ақ, 1 мың литр алкоголь, алкогольдік өнімдерді өндіруге арналған аппарат, контрафактілік есепке алу-бақылау маркалары және 20 мыңнан астам бос бөтелкелер табылды.

Әлібек Әбділов, ҚР қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз хатшысы:
Сот үкімімен ұсталған азамат қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 млн 531 500 теңге айыппұл салынды. Тәркіленген контрафактілік алкоголь өнімі жойылады.


Бөлісу