Ақтөбе облысында жол сапасы сын көтермейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жол сапасы сын көтермейді

13.06.2022

Ақтөбе облысы жолы нашар өңірдің бірі. Аймақтағы жолдардың сын көтермейтін сапасын облыс әкімінің өзі айтты. Республика бойынша қазір аймақ 16-орында тұр. Оңдасын Оразалин жыл соңына дейін көрсеткішті 72 пайызға жақсарту жоспары барын айтады. Бірақ, ол ештеңеге әсер етпейді, дейді. Өйткені, басқа өңірлермен салыстырғанда мұндағы жолдың жайы көңіл көншітпейді. Жалпы, биыл аталған жұмысқа республикалық бюджеттен 34 миллиард теңге бөлінген.

Оңдасын Оразалин, Ақтөбе облысының әкімі:

Бірақ, әлде де біз 16-орында тұрамыз. Мәселе жаңа айтып жатырмыз ғой бастапқы жағдайымызда өте төмен болды. Бұрын 2011 жылдары бастаған уақытта 43 проценттей қанағаттанарлық болған жолдар. Сөйтіп, бәріміз жабылып жүріп осы он жылдың ішінде небәрі 72 процентке жеткізіп отырмыз.

Сондай-ақ, Ақтөбе облысының халқы жергілікті өңірде өндірілетін тауарлар қымбат дейді. Оның ішінде: ұн, картоп , ет өнімдері бар. Аймақ басшысы үлкен сауда орталықтарында баға көтерілгенімен, күрт өсіп кеткен жоқ дегенді алға тартып отыр. Ал, бұған жол беріп жатқан шағын және орта бизнес орындарында тексеріс басталған.


Хабарламаларға жазылу