Елорда маңындағы Аршалылықтар ауаның ластанып бара жатқанына алаңдаулы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда маңындағы Аршалылықтар ауаның ластанып бара жатқанына алаңдаулы

13.06.2022

Шаңға тұншыққан ауыл. Елордаға жақын жерде орналасқан Аршалылықтар ауаның ластанып бара жатқанына алаңдаулы. Себебі аудан аумағындағы қиыршық тас өндіретін зауыттар ереже сақтамайды. Бұрқыраған шаң бүкіл ауылды басады. Салдарынан жасыл желек азайған, тіркелген ауру саны да көп. Бұдан бөлек Аршалыдағы жаңа салынған үйлердің де коммуналдық мәселелері бірнеше жылдан бері шешілмей келеді.

Аршалының айналасы толған қиыршық тас пен құм өндіретін зауыт. Карьерлер ашық аспан астында жұмыс істейді. Бұрқыраған шаң бүкіл ауылға жайылады.

Қиыршық тас пен құмды ары бері таситын жүкі көліктерінде дамыл жоқ. 40 тонналық техника асфальт жолдардың тас-талқанын шығарған.

Александр Кузьмичев, Аршалы ауданының тұрғыны:

Жеріміз сұрланып кетті. Жасыл желекке толы еді бұрын. Қазір таза ауамен тыныстау арман болып барады.

Нина Миногина, Аршалы ауданының тұрғыны:

Тас артқан жүк көліктері өте көп өтеді. Балалар үшін алаңдаймыз. Қатты жүретіндері сонша шиыршық тастар жан жаққа шашырайды. Далаға кір жаю мүмкін емес. Бау-бақша егу де мұң боп барады.

Елена Виноградаова, Аршалы ауданының тұрғыны:

Мына зауыттардан шыққан шаң ауданды түгел басады. Қанша рет шағым жаздық. Қанша өтініш. Әзірге біреуі ғана ереже сақтап жұмыс істейді. Ауданда ауру саны ұлғайды. Онкология көп. Демікпе мен аллергиямен науқастанатындар көп.

Аудан көшелері қиыршық тас пен құмға толы. Тұрғындар аймақтың жылдан-жылға тозып бара жатқанына налиды. Зауыттардың бір емес, бірнешеуіне бардық. Күндегі тынымсыз тіршілік бүгін тоқтап қалған ба әлде телеарнаның келгеніннен хабардар болған ба белгісіз. Жауап беретін тірі жан жоқ. Тіпті жүк көліктерінің өзі келген жолынан кері қашты. Ал әкімдіктегілердің айтуынша, мұнда 35 карьер бар.

Әсет Балташев, Аршалы ауданы әкімінің орынбасары:

Зауыттар жабық режимде жұмыс істеуге болады. Бірақ оның да шығыны өте көп. Біз кәсіпкерлерді міндеттей алмаймыз. Олар келісімді облыстық деңгейде жасайды. Ал аудан бойынша жүретін жолдары белгіленген. Егер тыйым салынған жерлер мен жүрсе айыппұл салынады.

Осыған дейін экологиялық талаптарды бұзған бір зауытқа әкімшілік іс қозғалып айыпұл салынған. Бұдан бөлек зауыт айналасына ағаш егу жөнініде келісім жасалыпты. Ал жел ауыл жаққа қарай соқса олар сол күні жұмысын тоқтатуы тиіс. Карерлерге қойлыған осындай ережелер бар.

Ал ауданға қарасты жаңа салынған үйлердің коммуналдық мәселесі 8 жылдан бері шешілмей келеді. Жол салынбаған. Жарықтың өзін орталықтан емес, маңайдағылар бір-бірінен алады. Ал суды ұзақ жыл тасып ішкен.

Рая Батырхан, Аршалы ауданының тұрғыны:

Бір үйден көп үй жарық алып отырғандықтан кешкісін свет өте әлсіз болады. Техникалар жанып кету даже өрт қаупі жоғары.

Динара Ашурбаева, Аршалы ауданының тұрғыны:

Қыстың қара суғыныда су тасып отырдық жол жоқ. шанамен су тасыдық.

Сұлушаш Хали, Аршалы ауданының тұрғыны:

Әкімдер екі жыл сайны ауысады. Ал ішінде ісТеп отырғандар бізді ұмытып кете ме түсінбеймін.

Тұрғындардың базынасын айтып әкімдіктегілерге бардық. Шенділер бұл сұраққа қалай жауап берерін білмей біраз ойланды. Істің неге созылып кеткенін де дөп басып айт алған жоқ. Ақыры келер жылы толық шешеміз деген тоқтамға келді.

Дәуренбек Нұрлыбеков, Аршалы ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:

 Осы инженерлік құрылыстардың жобасы жасалғаннан кейін облыстық бджеттен қаржы сұрауға өтінім береміз. .03:10 біз жоба мәселесін жылдың аяғына дейін шешуге тырысамыз.

Соңғы 7 жылда аудан әкімі 4 рет ауысқан. Жайлы өмірге мұқтаж 28 мыңға жуық дәрменсіз тұрғын кімнен көмек сұрарын білмей дал. Ал келгеніне көп болмаған жаңа әкім жоғарыдағы мәселелерді реттей ала ма екен. Мәселе біздің назарда болады.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу