Әкімшілік ғимараттарды ашу үшін 12 миллиард теңге қажет - Әлібек Қуантыров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әкімшілік ғимараттарды ашу үшін 12 миллиард теңге қажет - Әлібек Қуантыров

13.06.2022

Елімізде жаңадан құрылған үш облыстың әкімшілік ғимарттары үшін 12 миллиард теңге қажет. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл қаржы нысандарды сатып алуға, жөндеуге және жалға алуға жұмсалмақ. Өйткені Семей, Жезқазған, Қонаев қалалары аймақ орталығы болған соң, соған сай әкімшілік ғимараттары болуы тиіс. Онда түрлі басқарма және коммуналдық шаруашылық қызметкерлері орналастырылмақ.

Бұдан бөлек, жаңа облыстарға тағайындалған әкімдердің үш-үштен орынбасары болады деп жоспарланған. Алайда қанша басқарма, бөлім және онда қанша маман еңбек ететіні әзірге белгісіз. Ұлттық экономика министрінің айтуынша, бұл мәселе жақында шешімін таппақ.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі :
Жақын арада мәслихат сессиясында облыстарды басқару жүйесін бекіту мәселесі шығарылады. Сол жүйе бекітілгеннен кейін өңірлерде облыс басқармалары құрылып, тиісті кадрлық тағайындау жүргізіледі. Нақты штат саны сонда анықталып, жалақы, қаржы мәселесі белгілі болады.


Хабарламаларға жазылу