2 күн бұрын Теміртаудағы «АрселорМиттал» кәсіпорынында тағы да апат болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 күн бұрын Теміртаудағы «АрселорМиттал» кәсіпорынында тағы да апат болды

12.06.2022

2 күн бұрын Теміртаудағы «АрселорМиттал» кәсіпорынында тағы да апат болды. Тағы да дейтініміз, былтыр ғана осы компанияға қарасты кәсіпорындарда 45 адам зардап шегіп, 9 адам мерт болған. Ал, бұл жолы қайғылы оқиға салдарынан 4 адам көз жұмып, бір жұмысшы ауыр жарақат алды. Оқыс жағдай жұмыс істемейтін пешті демонтаждау кезінде болған. Жұмысшылар комбинаттағы цехтардың бірінде ескі пешті бұзып жатқанда төбесі ортасына опырылып түскен. Қазір қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, комиссия құрылды. Мемлекет басшысы апаттың себеп-салдарын анықтап, қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетуді тапсырды. Айта кетейік, компанияға өткен жылы қатаң ескерту беріліп, қауіпсіздік құрылғылары мен жұмыс істеу жүйесін тезірек жаңалау міндеті жүктелген еді. 

Хабарламаларға жазылу