Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің магистратура және докторантура түлектеріне салтанатты түрде дипломдар табысталды. Жас мемлекеттік қызметшілерді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев арнайы келіп құттықтады. Бүгінде мемлекеттік аппараттың жұмысына түбегейлі өзгеріс қажет. Мемлекеттік қызметшілер жауапкершіліктен қашпау керек. Бұл өте маңызды деді Сенат спикері. Осыған байланысты ол мемлекеттік қызметшілерді қорғайтын құқықтық актілер мәселесіне назар аударды. Сондай-ақ, Мәулен Әшімбаев түлектерге үнемі өзін-өзі жетілдіріп, алға ұмтылып отыру керектігін айтты.
Ламбриан