Баспана: 1 айда 2%-ға қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баспана: 1 айда 2%-ға қымбаттады

09.06.2022

Баспана тағы қымбаттай түсті. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше баға бір айда айтарлықтай көтерілген.

Әсіресе жаңа үйлердің бағасына тоқтам болмай тұр. Шаршы метрінің ел бойынша орташа құны 419 мыңнан асты. Бір айда 2 ал бір жылда 20 пайыздай шарықтап отыр. Ал қолданыста болған үйлердің бағасы мамырда 1 пайызға көтерілген. Жылдық өсім 28 процент. Жылжымайтын мүлік саласының сарапшылары бұған құрылыс материалдарының қымбаттауы себеп дейді.


Хабарламаларға жазылу