Доп қуып, ен даланы дүбірге бөлеген ауыл баларына да Еуропаның атақты футбол клубтарында өнер көрсетуге мүміндік туды. «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Қазспорт» телеарнасыннан «Super bol!» жобасы эфирге шығады. Мақсаты - теңбіл допты шыр үйіретін шеберлерді анықтау. Кеше Семейде, ал, бүгін Павлодарда 16-мен 25 аралығындағы дарабоздар кастингтен өтті. Жеңімпаздар «Қазспорт» телеарнасында тікелей жүргізілетін реалити-шоуға қатысады.
Серікбол өзін отандық клубтарда ойнап жүрген футболшылардан кем көрмейді. Жасыл алаңдағы айшықты қимылымен жүздеген студент үлгі тұтар тұлғаға да айналды. Оқуын бітіріп, мамандық иесі атанған соң енді кәсіби футболда бағын сынап көрмек.
Серікбол Нақысбек, «Super bol!» жобасына қатысушы:
Бұл жерде ешқандай таныстық рөлі ойнамайды деп ойлаймын. Себебі, кез-келген бала тіркелуге келген кезде ол танысы, танысы емес, қандай номер алатыны белгісіз. Сондықтан бұл жоба керемет мүмкіндік. Суперлердің арасында супер болуға тырысамыз. Мен 100 пайыз дайынмын!
«Super bol!» жобасына теңбіл доптың соңына түскен 130-ға тарта үміткер келді. Олар осы жерде топ-топқа бөлініп шеберліктерін сынайды. Мықтыларды 6 скаут анықтайды.
Ернұр Қали, «Super bol!» жобасына қатысушы:
Мен өзім Баянауылдан келіп тұрмын. Осындай стадиондар жоқ онда, кішігірім стадиондар ғана. Лига кастингтары жоқ. Ертіске осындай командаларға өтуге. Бүгінгі кастинг үлкен футболға жол ашады деп ойлаймын.
Жобаның хедлайнерлері Давид Лория мен Самат Смақов. Екеуі де «Ертіс» футбол клубында ұзақ жыл өнер көрсетіп жанкүйер сүйктісіне айналған.
Давид Лория, «Super bol!» жобасының бас менеджері:
Нағыз мықтылар ауылдан шығады. Бірақ көбі сол жақта қалып қояды. Біздің жоба соларды анықтап, баптап, үлкен ойындарға салу. Әрине қалалық жерлердегі жастар да қатысады. Бүгін үміткерлердің қайрат жігерлерін сарп етіп барынша сынайтын боламыз.
Кастинг маусымның аяғына дейін еліміздің 8 қаласында өткізіледі. 150 ойыншы іріктеліп олар Алматыда сыналады. Ол жерде 50 үміткер қалып екі ай бойы ұлттық құрама жаттығатын Талғардағы базада «Қазспорт» телеарнасында тікелей жүргізілетін реалити-шоуға қатысады.
Айдын Қожахмет, «Super bol!» жобасының креативтік продюсері:
Соңғы ойын болады, финалдық ойын. Ол ойында еуропаның клубтарының , Осы Қазақстан клубтарының скаудтері дейміз ғой, селекция жасайтын адамдары келіп көреді. Өздеріне ұнаған ойыншыларды келісім-шартқа алатын болады. Ең бастысы осы ойыншыларға мүмкіндік беру.
Жоба тамыздың соңында қорытындыланады. Ең мықты 22 үміткер анықталып, олар кәсіби клубтардың бірімен кездесу өткізеді. Іле шетелдің атақты клубтарына тәлім алуға жіберіледі.
Болат Аманбаев