Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шетелдік компания басшыларымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов шетелдік компания басшыларымен кездесті

09.06.2022

Шетелдік инвесторлар кеңесінің 34-пленарлық отырысы қарсаңында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «General Electric» және «Citigroup» компанияларының, сондай-ақ Азия даму банкінің басшыларымен кездесті. General Electric компаниясының Ресей және ТМД-дағы президенті Бела Ференцимен кездесу барысында энергетика, денсаулық сақтау және авиация салаларындағы стратегиялық әріптестіктің келешегі пысықталды.

Азия даму банкінің вице-президенті Ашок Лавасамен әңгіме барысында екіжақты өзара іс-қимылдың стратегиялық даму болашағы сөз болды. Тараптар газ, логистика, энергетика және денсаулық сақтау салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Citigroup атқарушы директоры Дэвид Ливингстонмен келіссөз барысында декарбонизациялау және «жасыл экономиканы» дамыту мәселелері қаралды.


Хабарламаларға жазылу