Ата-заң азаттығымыздың айғағы, болашағымыздың бағдары деп, білетін ақтөбеліктер бұл күнді ерекше көңіл күймен тойлауда. Бүгін мереке күні қарсаңында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына туу туралы куәлік және 16 жасқа толған 10 азаматқа жеке куәліктері салтанатты түрде табысталды.
Ырыздығын жерден алған шаруалар бүгін ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізді. Орталық алаңда «Ата заң -алтын тұғырым» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Ақтөбе жұртшылығы бұл күнді баға жетпес қымбат қазынаға балайды. Сондықтан көк туымыз көктен түспей, Конституциямыз өміршең болсын, деп тілейді.
Әлия ТАЛАСОВА