Баласын балабақшадан алуды ұмытып кеткен ата-ана жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баласын балабақшадан алуды ұмытып кеткен ата-ана жауапқа тартылды

08.06.2022

Петропавлда 5 жасар қызын балабақшадан алуды ұмытып кеткен ата-анаға қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Баланы тұрғылықты жеріне әкелген тәрбиеші пәтердің есігі ашық тұрғанын байқап, полицияға хабарласқан. Мас болып ұйықтап қалған ерлі-зайыптыны тәртіп сақшылары оятқан. Кішкентай қыздың анасы бұған дейін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Жалпы, жыл басынан бері 26 солтүстікқазақстандық ата-ана құқығынан айырылды.


Хабарламаларға жазылу