Елордада еш себепсіз серуендеп жүрген 332 адам жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада еш себепсіз серуендеп жүрген 332 адам жауапқа тартылды

14.04.2020

Төтенше режим кезінде елордада еш себепсіз серуендеп жүрген 332 адам жауапқа тартылды. Олардың барлығы да заңға сай айыппұл арқалады. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Ержан Сәденов мәлімдеді. Жалпы, карантин режимі басталғалы бері тәртіп бұзған үш мыңға жуық адам жауапқа тартылған. Жауапқа тартылғандардың ішінде 67 жаяу жүргінші бар. Департамент басшысының сөзінше, аулаға шығып серуендеу де каратин тәртібін бұзу болып саналады.

Каратин тәртібі енгізілгелі елордада қылмыс саны 34%-ға азайған. Ауыр қылмыс 43%-ға дейін кеміген. Блок бекеттердің шекарасын бұзған 174 адам жауапқа тартылды. Десе де ата-аналар каникул кезінде ауылға кеткен балаларын тиісті құжаттары болған жағдайда блок бекеттерден қарсы алып, қалаға кіргізуіне болады. Алыста орналасқа ірі сауда орындарына азық-түлікке ресми такси қызметі арқылы баруға рұқсат. Онда да күндізгі уақытта.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу