Ата заңға енгізілген өзгерістер күшіне енді
Референдум қорытындысы бойынша халықтың басым көпшілігі қолдаған конституциялық өзгерістер күшіне енді.
Бүгін заң мәтіні баспасөз беттерінде жарияланды. Жалпыхалықтық дауыс беруге 8 миллионға жуық ел азаматы қатысты. Бұл референдумға қатысуға құқы бар тұрғындардың 68 пайызы. Олардың 77 проценті қолдап, дауыс берді. Жалпы ата заңның 33 бабына 56 түзету жасалды.
Бұл бес бағыт бойынша құқықтық негіз қалыптастыруға арналған. Яғни суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу. Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу. Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру. Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру қарастырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05