Алматы облысында 400-ге жуық заңсыз қоқыс алаңдары анықталды.
Тұрмыстық қалдықтарды бейберекет төккен жерлерді табуға ғарыштық бақылау өз септігін тигізді. Спутник арқылы түсірілген суреттер арнайы бағдарламаға жүктеліп, жаңартылып отырады. Қоқыс алаңы қай аудан аумағында жатқаны дәлме-дәл беріледі. Экологтар сол жерге шығып, заңбұзушылықты анықтап, тиісті хаттама толтырады.
Талдықорған қаласы маңынан 40-тан астам осындай заңсыз полигон табылып, сала мамандары 59 лауазымды тұлғаға 4 млн теңгеден астам айыппұл салған. Ал тұрмыстық қалдықтарды төгетін негізінен жергілікті тұрғындар мен жауапкершілігі жоқ кәсіпорындар.
Данияр Өмірбеков, Алматы облыстық экология департаментінің бас маманы:
Ғарыштық түсірілімдер ағымдағы жылдың қараша айына дейін жалғасатындықтан заңсыз қоқыс орындарының саны әлі де көбеюі мүмкін. Осыған сәйкес қазіргі таңда департаментпен тиісті шаралар қабылдануда.