Нигерияда шіркеудегі атыстан кейін қаралы күн жарияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда шіркеудегі атыстан кейін қаралы күн жарияланды

07.06.2022

Нигерияның Ово штатында шіркеуге жасалған шабуыл құрбандарының саны 50-ге жетті, ал 39 адам ауруханада жатыр. Олардың 13-і - бала.

Қастандық діни мерекені тойлау кезінде жасалды. Қаруланған бірнеше ер адам шіркеуге баса-көктеп кіріп, оқ атқан. Кейін шіркеу басшысы мен бірнеше қызметкерді тұтқынға алып, іздерін суытқан. Қаскөйлер неліктен қантөгіске барғаны және олардың радикалдық топтарға қатысы бар-жоғы белгісіз.

Болған оқиғаға байланысты Нигерияда үш күн қаралы деп жарияланды.



Хабарламаларға жазылу