Варшава қаласындағы номері 271 референдум учаскесінде де дауыс берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Варшава қаласындағы номері 271 референдум учаскесінде де дауыс берілді

06.06.2022

Украинадағы қазақстандықтар өз дауыстарын Варшава қаласындағы номері 271 референдум учаскесінде беруге мүмкіндік алды. Осы ретте Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаев өзінің Польшадағы әріптесі Әлім Қирабаевқа алғысын жеткізді.

Дархан Кәлетаев, Қазақстанның Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі:

Елшіліктегі жұмыс жасап жатқан азаматтар, Украинада тұрып жатқан Қазақстан азаматтары сол жиырма шақты бүгін Польшаға, Варшава қаласына арнайы келдік дауыс беруге. Бұл біздің азаматтық парызымыз. Польшадағы Қазақстанның елшілігі бізге мүмкіншілік жасап, дауыс беруге толық мүмкіндік болды. Өтіп жатқан оқиға елімізге үлкен жаңалық әкеледі деген сенімдемін.))

Айта кетейік, 28-наурызда елші Дархан Кәлетаевтың жетекшелігімен Украинадан мыңға жуық қазақстандық Польшаға эвакуацияланған болатын. Оның 700-ден астамы елге оралды. Кейін елшілік қызметкерлері Киевке қайтып, қызметтеріне кірісті. Дегенмен, ол елдегі қауіп-қатер ескеріліп, референдум учаскелері Украинада ұйымдастырылған жоқ. Сондықтан ондағы отандастарымыз мың шақырым қашықтықты еңсеріп, өз таңдауларын Варшавада жасады.

Алтынбек Мұстапаев, Украинадағы қазақ диаспорасының өкілі, кәсіпкер:

Өкінішке орай Киевте дауыс бере алмағаннан кейін осы Польшаға келдік. Қазір Украина мен Польша арасында көп жүреміз. Украиналық халықтарға көмектесіп жүрген жайымыз бар.


Хабарламаларға жазылу