«Amanat» партиясы тұрғындармен 12 мыңнан астам кездесу өткізді
«Amanat» партиясы Президенттің жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау мақсатында тұрғындармен 12 мыңнан астам кездесу өткізді. Конституциялық реформалардың маңызын түсіндіру бойынша жүргізілген үгіт насихат жұмыс нәтижесі бүгін брифингте айтылды. Партия жанынан республикалық және аймақтарда 217 штаб құрылған. Штаб мүшелері 6 мамырдан 3 маусымға дейін ауыл аймақты, қалаларды аралап, халықпен кездескен. Осы кезеңде оларға азаматтардан 20 мыңға жуық талап-тілек пен ұсыныс түскен. Парламент депутаттары тұрғындарға референдум туралы үгіт-насихат жұмысын жүргізу үшін 1 200-ден астам елді мекенде болып қайтқан.
Асхат Оралов, «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы:
Барлық кездесулер еркін, ашық форматта жасалды. Біз олардың санына емес, сапасына мән бердік. Конституциялық өзгерістерді халыққа түсінікті тілмен жеткізуге тырыстық. Кеше азаматтар өз таңдауын жасап, елдің болашақ даму жолына қатысты шешім қабылдады. Осы арқылы еліміз Жаңа Қазақстанның іргетасын қалады. Алда көп жұмыс, үлкен міндеттер тұр.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05