Жамбыл облысында өңір тұрғындарының 70 пайызға жуығы дауыс берді
Ел тарихындағы саяси іс-шарадан, жамбылдықтар да қалыс қалмады. Бүгінгі ақпарат бойынша референдумға өңір тұрғындарының 70 пайызға жуығы қатысқан. Өңірдегі тілшіміз Нұрдос Болатұлы тікелей байланыста.
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Әулиеаталықтар кешегі күннің маңызын айрықша сезініп белсенділік танытты. Оған дәлел кеше түс аумай ақ облыс тұрғындарының жартысына жуығы таңдауларын жасап үлгерген. Сондықтан, таңнан кешке дейін учаскелерге ағылған тұрғындардың, еліміздегі саяси оң өзгерістерге дайын екенін аңғардық. Жалпы референдумда облыс бойынша 492 учаске құрылып, 4 мыңға жуық комиссия мүшелері жұмыс істеді. Түрлі ұйым өкілдерінен құралған байқаушылар да әр сәтті қалт жібермей бақылап отырды.
Облыстық референдум комиссиясының мәліметінше, аймақ жұртының 69,59 пайызы референдумға қатысқан. Бірақ бұл алдын ала есептеулер бойынша берілген ақпар. Кеше дауыс беру тоқтатылып, комиссия мүшелері бюллетень санауға кірісіп, нақты нәтижесін есептеді. Облыстық референдум комиссиясы арнайы баспсөз отырысын өткізіп, қосымша ақпараттарды жариялайтындарын айтты. Десек, те көп өзгеріс бола қоймайды. Өйткені негізгі көрсеткіш осы. Ал, дауыс беру кезінде заң бұзушылықтар болғаны туралы мәлімет жоқ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Гамма-пышақ: Орталық Азия аймағындағы жалғыз аппарат тек Қазақстанда бар
26.10.2025, 20:37
Креативті индустрия: Таланттарды қолдау тетігі іске қосылды
26.10.2025, 20:25
Трамп Ресейге қарсы санкциялар қабылдады
26.10.2025, 20:05
Мәжіліс 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қабылдады
26.10.2025, 20:02
Президент: Конституцияға бірқатар өзгертулер енгізіледі
26.10.2025, 19:55
Егемендік декларациясының қабылданғанына 35 жыл
26.10.2025, 19:51
Қ. Тоқаев «Орталық Азия - АҚШ» саммитіне шақырғаны үшін АҚШ Президенті Д. Трампқа алғыс білдірді
26.10.2025, 19:47
«Қайрат» футбол клубы Қазақстан чемпионы атанды
26.10.2025, 19:46