Референдум-2022: Шығыста бірде-бір заң бұзушылық тіркелген жоқ
Кешегі жалпыхалықтық референдумда шығыста ауыл тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Тіпті кейбір шағын елдімекендерде дауыс беру түске дейін аяқталып қойды. Ал бұл өңірдегі ел-жұрттың 77 пайыздан астамы таңдау жасады. Жалпы саяси науқанға қатысқандардың қанша пайызы жақтап, қанша адам қарсы болғанын тілшіміз Олжас Керейхан біле алды ма екен?!
Олжас Керейхан, тілші:
Дәл қазір менің қолымда нақты ақпарат жоқ. Дегенмен өңірде референдумның өтуін бастан аяқ бақылап, дауыс беріп шыққан тұрғындардды сауалнамаға тартқан «exit poll» өкілдерінің мәліметі бойынша жақтап дауыс бергендердің көрсеткіші 50-60 пайыздан асады. Ал қарсы дауыс бергендер 20 пайызға да жетпейді. Бұл тек болжам. Жалпы «exit poll» өкілдері кешегі референдум барысында учаскелердің жұмысына дауыс берушілер тарпынан ешқандай шағым болмағанын атап өтті.
Олжас өңірдегі референдумның өту барысы туралы халықаралық байқаушылардың пікірі қандай? Олармен сұхбаттаса алдыңыз ба?
Олжас Керейхан, тілші:
Шығысқа негізінен ТМД елдері бақылаушылар ұйымының байқаушылары келді. Біз болған референдум учаскелерінің бірнешеуіне олар да келді. Арнайы сұхбат беруге келіспесе де, ұйымдастыру, өткізу жұмыстары жоғары деңгейде болғанын айтты. Кеше шығыста күні бойы нөсер жаңбыр болды. Бірақ оған қарамай тұрғындар тоқтаусыз келіпөз таңдауын жасағанына біз де куә болдық.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Қазақстан ғарышты игерудің жаңа дәуіріне қадам басты
02.05.2026, 20:04
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49