Өнер майталмандары референдумда өз таңдауларын жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнер майталмандары референдумда өз таңдауларын жасады

06.06.2022

Әр дауыс маңызды. Әр азаматтың референдумға қатысуы арқылы ел келешегі айқындалады. Алматыда танымал өнер майталмандары саяси науқаннан сырт қалмай, көпшілікпен бірге таңдау жасады.

Екі ғасырдың куәсі Бибігүл Төлегенова алғашқы дауысын сонау 1947 жылы берген. Араға 75 жыл салып, бүгінгі референдумға да өз үнін қосты. Мұқым қазақтың мақтанышы үйінен дауыс берді.

Бибігүл Төлегенова, КСРО халық әртісі:

Әрине, бүгін біз қол қойып соны қолдағаннан кейін ертең оның барлығы болады деп айтуға болмайды. Бірақ, біз тырысуымыз керек. Қазір бәрі бар. Тек ғана аман-есен болайық

Бүгінде тоқсанның екеуіне келген аңыз тұлға ел болашағы жолында аянбай тер төгуге шақырды. Ал, бірде-бір саяси науқанды жібермейтін әнші, Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов та дәстүрден жаңылмай, нөмірі 127 учаскеге келіп, дауыс берді.

Нұрғали Нүсіпжанов, әнші, Қазақстанның халық артисі:

Бүгін мен де ел-жұртпен бірге референдумға дауыс беруге келіп тұрмын. Менің ойлаған арманым, ата заңымызға енгізіп жатқан өзгерістер, ұсыныстар қазақ еліне, Қазақстанымызға қызмет етсе екен деймін.

Ал, Сәкен Майғазиев референдум жалпы халықты толғандыруы тиіс, маңызы зор науқан деп санайды. Әнші саяси шарадан азаматтарға пайдасы тиер жағымды жаңалық болады деп сенеді.

Сәкен Майғазиев, әнші:

Әділетті Қазақстанға деген алғашқы қадамдардың бірі деп ойлаймын. Халық қуанады деп өз басым ойлаймын. 03:40 Бұл бүгінмен ғана тоқтап қалғанжоқ , әлі де өзегріс болады деген сөз. Көш жүре түзеледі дендей әлі де толықтырулардан қорықпауымыз керек.

Осылайша әр адам халық тағдырын айқындайтын маңызды қадамды бірлесіп жасап отыр. «Бұған дейін жалпыхалықтық референдум екі рет өткізілген еді. Дамыған елдермен салыстырсақ бұл үлкен көрсеткіш емес. Сондықтан алда болатын басқа да оң өзгерістерге дайын болайық», - дейді өнер майталмандары.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу