Мәскеуде дауыс беру аяқталды
Мәскеуде дауыс беру аяқталды. Іргелес елде барлығы 5 референдум учаскесі ашылған болатын.
Индира Бегайдар,тілші:
Ресейде уақытша тұрып жатқан қазақстандықтар жоғары белсенділік танытты. Мәскеуде дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 20.00 де аяқталды. Елшілікте орналасқан нөмірі 265 сайлау учаскесінде бір сағат бұрынғы мәлімет бойынша 980 адам дауыс берген. Еліміздің тағдырына бей-жай қарамай, референдумға қатысқандардың жасы ең үлкені 90 да.
Қарлығаш Мұратова, зейнеткер:
Өзім үлкен операциядан шыққанмын. 90-ға келсем де аяғымды зорға басып келіп тұрмын. Бір адам болса да, референдумға қатыстым. Келешекте Алладан халқымның болашағын тілеп, тілегімді Алла қабыл ете ме деп келіп отырмын.
Мәскеуден бөлек Ресейдің Астрахань, Омбы, Қазан, Санкт-Петербург қалаларында орналасқан бас консулдықтарында да қазақстандықтар өз таңдауын жасады. Омбыда отандастарымыздың 100 пайызы референдумға қатысқанын атап өткен жөн. Сонымен қатар барлық референдум учаскелерінде халықаралық байқаушылар болды. Олардың сөзінше ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді
11.03.2026, 17:37
Түркістан облысында бұқаралық спорт дамып келеді
11.03.2026, 17:35
Мина Сейітова атындағы студия ашылды
11.03.2026, 17:33
Елімізде «Nauryz Sale» мерекелік шарасы өтеді
11.03.2026, 17:29
Жаңа Конституцияның жобасы – құқықтық жүйедегі жаңа кезең
11.03.2026, 17:27
Ақмолалық ұстаздар қауымы Конституция жобасын талқылады
11.03.2026, 17:25
Жаңа Конституция жобасы – жастардың болашағына құқықтық кепілдік
11.03.2026, 17:23
Жамбыл облысында алаяқ ерлі-зайыпты сотталды
11.03.2026, 17:20