Таңғы тоғызда басталған «Референдум» марафоны аяқталуға жақын. Басты мақсат-мүдде – халыққа референдум жайлы жан-жақты ақпаратты жедел жеткізу. Одан тыс сағат сайын халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен брифингтер, дискуссия алаңдары ұйымдастырылды. Сүбелі сұхбаттардан бөлек, арнайы дайындалған мәдени бағдарламалар да марафонның көркін қыздырды.
«Референдум» онлайн марафонын еліміздегі ең танымал 23 тележүргізуші кезектесіп тізгіндеді. Шараның тақырыбы әр алуан. Алаңның бір бөлігінде жүргізушілер меймандармен түрлі тақырыпта әңгіме өрбітті. Сұхбат депутаттар, саясаттанушылар, білім, мәдениет және медиасарапшылар мен спорт, ғылым саласының өкілдерін қамтыды. Қатарында отандық вакцинаны ойлап тапқан ғалымдар да бар.
Күнсұлу Закарья, ҚР Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры:
Таңертең ерте дауысқа шықтық, таңдауымызды жасадық. Біздің ойымызыз,үмітіміз Қазақстанның білімін биікке шығару, сол үшін бүгінгі күн біз үшін тарихи сәт, тарихи күн.
Дәл осы жерде әсем ән де шырқалды, арнайы флешмоб пен көңілді қойылым да көрермен көңілін серпілтті.
Ал сұхбат алаңында орталық коммуникация қызметкерлері спикерлерге сауалдарын қойып, Референдум жайлы ең маңызды ақпараттарды жедел таратты.
Ал дискуссия алаңында сарапшылар түрлі тақырыптарды талқыға салды. қаузалған мәселенің ауқымы кең. «Экономика және саясаттан" бастап, «телеарна және интернет», «қайырымдылық пен қамқорлық» «гендерлік теңдік» тақырыптары жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.
Сондай-ақ жиын қонақтары «ашық микрафон» алаңында журналистер сұрақтарына жауап берді. Осылайша көреремен назарына еркін форматтағы маңызды сұхбат, ашық дискуссия, қызықты қойылым ұсынылды. Ауқымды шараға бастамашыл болған – Қазақстан телерадиокорпорациясы. Марафонның дәл осындай форматта өтуі – еліміздегі медиасалада алғашқы тәжірибе.
Ләззат Танысбай, «Qazaqstan» РТРК» АҚ басқарма төрайымы:
Барлығы да бір алаңға жиналып пікір алмасады. Әртүрлі мәселелерді талқылайды. Біз оларға сондай мүмкіндік жасап отырмыз. Осы инфотецнмент форматын пайдаланып отырмыз. Біз бұған бірінші рет келіп отырмыз. Тек қана ақпараттандыру ғана емес, көңіл көтеру, белгілі өнер жұлдызджары өнер көрсетті. Жастар өте көп. Оларға да қажетті контентті ұсынып отырмыз.
Саяси шараға сан саланың маманы жиналып, салмақты ой қозғады. Алаңдағы атмосфераның жөні бөлек. Меймандардың көңіл-күйі көтеріңкі. Сонымен бірге көтеріңкі көңіл күй де орнады.
Мақпал Тәжмағамбетова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Цифрлы Қазақстанның алғашқы жетістігі деп айтуға болады бүгінгі марафонды. Себебі, еркін талқылау бар. Тіпті, сұқбаттардың өзі бірден 3-4 жерден жұмыс істеп жатыр. Біздер оның бәрін қарап, қадағалап отырмыз. Шыныменде бір той сияқты.
Марафонға 1200-ден астам қонақ, әр сала бойынша 300-ден астам спикер қатысты. Арасында алғаш рет дауыс беріп, өзі таңдауын жасаған жастар да бар.
Жүзім Сабыртайқызы, студент:
Маған ұнап жатыр.Таңертеңнен бері референдумдамыз. Бұл жерде қызықты концерттер әрі сұқбаттарды көріп жатырмыз. Менің ойымша ерекше форматта өтіп жатыр.
Ауқымды шара Республикалық телеарналармен қатар,желідегі парақшаларда да тікелей эфирде берілді. Осылайша жиын қонақтары ғана емес, күллі көреременнің маңызды шараны тамашалауына мүмкіндік туды. Марафонды ұйымдастыру үшін тер төккен мамандардың саны 100 ден астам. Маңызды ақпар, мазмұнды сұхбат, қызықты талқылау, әсем ән бәрі де көрермен көңілі үшін еді.
Раушан Сайлауқызы