Уақыт айырмашылығына байланысты бірқатар шет мемлекеттердегі референдум учаскелерінде дауыс беру жаңа ғана аяқталды. Енді дауыс беру жәшіктері ашылып, бюллетендерді сұрыптау жұмыстары басталады.
Айдос Әшімұлы, тілші:
Мен тұрған Ыстамбұл қаласындағы №255 референдум учаскесінде дауыс беру жаңа ғана аяқталды. Жергілікті уақытпен таңғы жетіде ашылған учаскеге түрлі себептермен Түркияда жүрген қазақстандықтар лег-легімен келіп, елден жырақта жүрсе де отан алдындағы азаматтық жауапкершілігін сезінетіндіктерін көрсетті. Азаматтардың көпшілігі маңызды саяси шараға отбасыларымен, тіпті кішкентай балаларын да ертіп келген. Бұл да болса халықтың ел ертеңіне бей-жай қарамайтындықтарын білдірсе керек. Осы учаскедегі дауыс берудің қалай өткені және тізімдегі сайлаушылардың неше пайызы келгенін референдум комиссиясы төрағасының орынбасары Бекайдар Сарыдан сұраған едік.
Бекайдар Сары, №255 референдум учаскесі төрағасының орынбасары:
Бүгінгі рефрендумда Қазақстан азаматтары үлкен белсенділік танытуда. Дауыс берушілердің саны, деңгейі өте жоғары. Учаскелік комиссия Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес өз жұмысын ұйымдастыруда. Тәртіп бұзушылық, заңбұзушылық фаактілері орын алмаған.
Айдос Әшімұлы Тілші:
Түркияның үш қаласы, яғни Анкара, Ыстамбұл мен Анталиядағы референдум учаскелері жұмыстарын осымен тоқтатты. Алдын ала мәлімет бойынша Түркияда тіркелген мыңнан аса сайлаушының басым бөлігі бүгін өз таңдауын жасаған. Қазір дауыс беру жәшіктері ашылып, комиссия мүшелері бюлеттендерді санау жұмыстарына кірісті. Дауыс берудің қорытындысына қатысты нақты мәліметтер ертең белгілі болмақ. Түркиядағы референдум учаскелерінен бөлісетін ақпараттарым осындай.
Айдос Әшімұлы