Маңғыстаулық кәсіподақтар халықтық референдумды қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаулық кәсіподақтар халықтық референдумды қолдайды

17.05.2022

Олардың пікірінше бұл, қоғам мүшелеріне елде болып жатқан тарихи өзгерістерге атсалысуға берілген бірегей мүмкіндік. Сондықтан, әрбір азамат саяси шараға белсенді қатысуы тиіс. Басқосу өңірдің әлеуметтік серіктестері штабы мен Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Оған мұнай сервистік компаниялардың өкілдері мен салалық кәсіподақтардың аумақтық құрылымдарының төрағалары қатысты. Жиында штаб мүшелері жұмыс берушілер мен жұмысшыларға Ата заңға енгізілетін өзгерістерді түсіндіріп, референдумның маңыздылығын айтты.
Мәдина Байболатқызы,  Маңғыстау облыстық кәсіподақтар орталығының бас маманы: 
Референдум бұл қазақ елінің әрбір азаматына ел тағдырына қатысты мәселелерді шешуге тікелей мүмкіндік береді. Бұл жаңа Қазақстанның болашағына айтарлықтай әсер етеді деп ойлаймыз. Референдумға шығатын ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы оң шешімін табады деген сенімдеміз.

Хабарламаларға жазылу