Ақтөбелік Жетесовтер бүкіл жанұясымен келіп өз таңдауын жасады
Ия, саяси шара мәресіне жетті. Халық өз таңдауын жасады. Референдум учаскесіне ұжымымен, отбасымен келгендер де аз болмады.
Мәселен ақтөбелік Жетесовтер бүкіл жанұясымен келіп өз таңдауын жасады. Өмірхан мен Амангүл үш перзентінен бөлек 18 баланы патронаттық тәрбиеге алған үлгілі отбасы. Оның тоғызы кәмелет жасына жетті. Үлкен екеуі - Данияр мен Көркемай бүгін алғаш рет дауыс берді. Отағасы балаларының бойына отансүйгіштік қасиетін сіңіруге күш салып келе жатқанын айтады.
Өмірхан Жетесов, «Шашу» халықтық-отбасылық ансамблінің жетекшісі:Бір ұл, бір қызымыз кәмелет жасқа толып, бүгін дауыс беріп жатыр. Ол да біз үшін қуаныш деп есептейміз. Патриоттық сезімде болды.
Жарасым тапқан жұп - балаларын мейірімге бөлеп, ұлттық музыкаға баулып келеді. «Шашу» отбасылық ансамблі осы уақытқа дейін көптеген аймақтық, республикалық байқауларда топ жарды. Бұл үйдің балалары қазақ елінің өркендеуіне үлес қосамын деген арманды серік етіп өсіп келеді.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада жүзуден Әлем кубогы өтеді
08.09.2026, 17:35
Қарағанды облысында 122 бала білім жүлделерін алған
08.09.2026, 17:33
Семейді абаттандыру қарқын ала бастады
08.09.2026, 17:30
Талғардағы демалыс орындары мен күре жолдарды тазалады
08.09.2026, 17:27
Алматылықтарға Бас жопарға қатысты байланыс орталығы қосылды
08.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
08.09.2026, 17:22
Қызылордада көпбейінді аурухана жыл соңында ашылады
08.09.2026, 17:20
Мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 17:17