Шетелдегі қазақстандықтар дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шетелдегі қазақстандықтар дауыс беріп жатыр

05.06.2022

Нұрсұлу Қасым,тілші:

Еуропада референдум учаскелерінің жабылуына әлі екі сағаттай уақыт бар. Қарт құрлықта оқу, жұмыс бабымен тұратын қазақстандықтар әлі де дауыс беріп жатыр. Париждегі елшілікте орналасқан 246 учаскеде дауыс беру белсенді жүріп жатыр. Тіпті, қазір мұнда ұзын-сонар кезек. Францияда оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан қазақстандықтардан бөлек Париждегі Еуропа қазақтарының құрылтайына келген «Отандастар» қорының өкілдері, қазақстандық кәсіпкерлер де дауыс беруде. Көңіл күйлері көтеріңкі. Әндетіп кіргенін естіп тұрмыз. Режиссерлар үзінді берсе, бірге тыңдайық.
Баршагүл Исабек, дауыс беруші:

Франциядағы қазақ елшілігіне келіп, дауыс беріп жатырмыз, бақыттымыз. Тәуелсіз қазақ елі аман болып, гүлдене берсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын дегім келеді.

Жаржан Құлмырза, дауыс беруші:

Бүкіл сайлау, референдумға қатысу, әрбір азаматтың міндеті. Барлық азамат өзінің міндетін орындауы керек. Өзіміздің таңдауымыз болуы керек. Дауысымызды беруіміз керек. Барлық азамат белсенді болуы керек, өз болашағын өзі таңдауы керек.
Референдумның өту барысын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің парламентаралық ассамблеясының байқаушысы бақылап отыр. Париждегі участоктоктегі референдумға қатысуға 130 қазақстандық тіркелген болатын. Осы уақытқа дейін олардың 90 пайызы дауыс берді. Учаскенің жабылуына әлі екі сағат уақыт бар. Оған дейін қалған Отандастарымыз да өз таңдауын жасап үлгереді деген сенімдеміз.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу