Ұлыбританиядағы сайлау учаскесінде референдум әлі жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританиядағы сайлау учаскесінде референдум әлі жалғасып жатыр

05.06.2022

Ұлыбританиядағы сайлау учаскесінде референдум әлі жалғасып жатыр. Себебі, Лондон Нұр-Сұлтан уақытынан 5 сағат артта.

Дауыс беру жалғасуда

Марина Бекенова, тілші:

Түске таман дауыс берушілердің саны таңертеңгі уақытқа қарағанда артты. Өйткені Ұлыбританияның түкпір-түкпірінен жиналған қазақстандықтар Лондонға енді жетті. Жалпы дауыс беруге ниетті 400-ден астам отандасымыздың басым көпшілігі студенттер қауымы және олардың белсенділігі өте жоғары. Дауыс берушілердің қатарында тек Ұлыбритания қазақтары ғана емес, Исландия, Ирландия мемлекеттерінде уақытша немесе тұрақты тұрып жатқан отандастарымыз да бар.

Сәуле Дәулетова, Линкольн университетінің студенті:

Жалпы ағылшын еліне біздің бірінші келуіміз. Оның үстіне мерекеге келдік. Патшайымның таққа отырғанына 70 жылдығына. Соның бәріне қатысып, бүгін еліміздің елшілігіне келіп, Конституцияға енгізілген заңдарға өзіміздің пікірімізді, ойымызды айтуға келгенбіз. Өте қуаныштымыз. Елшілікке кіріп, өзіміздің ауылымызға келгендей қазақ тілінде сөйлеп, мәз-мейрам болып жатырмыз.

Дауыс берушілер арасында туристер де көп. Ұлыбританияда карантиндік шектеулер толығымен алынып тасталғандықтан еркін саяхаттап жүрген қазақстандықтар р азаматтық борыштарына жауапкершілікпен қарап, сайлау учаскелеріне келіп жатыр. Таңертең 7-де ашылған учаскедегі дауыс беру кешкі 8-ге дейін жалғасады. Одан кейін сайлау комиссиясының мүшелері бюллетеньдерді санау жұмысына кіріседі. Комиссия мүшелері учаске жабылғаннан кейін 1-2 сағаттың көлемінде Лондондағы референдум нәтижелері белгілі болып, орталыққа жіберіледі.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу