Сыр өңірінде азаматтадың референдумға қатысу көрсеткіші 80 пайызға жуықтаған
Сыр өңірінде азаматтадың референдумға қатысу көрсеткіші 80 пайызға жуықтаған. Қазір әр учаскеде бюлетендерді санау процесі қызу жүріп жатыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Бүгін өңірде барлығы 373 дауыс беру учаскесі жұмыс істеді. Онда 2880 адам байқаушы ретінде референдумның барысын бақылады. Олардың басым бөлігі қоғамдық бірлестік өкілдері болды. Жалпы учаскелерде өрескел заң бұзушылықтар тіркелмеген. Өңірде дауыс беру процесі аяқталғанына небәрі бір сағаттан астам уақыт болды. Әзірге, санақ жүріп жатыр. Референдумның алғашқы нәтижелері туралы ақпарат жана әзірде қолымызға тиді. Облыстық референдум комиссиясының мәліметі бойынша дауыс беру құқығына ие қатысушылардың 79,89 пайызы өз таңдауын жасаған. Ең жоғары көрсеткіш Арал ауданында тіркелді.теңізді өлкеде тұрғындардың 90 пайызы референдумға қатысқан.Бұл болжамды цифрлар. Нақты қорытындысы ертең жарияланады.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05