Абай елінің халқы бүгін референдумға белсенді қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай елінің халқы бүгін референдумға белсенді қатысты

05.06.2022

Семейде халықтың референдумға қатысу белсенділігі жақсы. Мамандар осылай деп баға беріп отыр.

Ержан Жақып, тілші:

Абай елінің халқы бүгін референдумға белсенді қатысты. Семей мен оған қарасты ауылдарда дауыс беру құқығы бар 228 372 тұрғын бар. Қазір менің жанымда «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Қазақстан жазушылары Одағы филиалының төрағасы, ақын - Мерей Қарт тұр. Мерей, бүгінгі саяси науқан жайлы айтсаңыз. Ұлы Абай жұртшығы жалпыхалықтық референдумға қалай қатысты?

Мерей Қарт, ақын:

Семей өнер мен мәдениеттің ордасы. Қалада белсенді студент жастар да өте көп. Бүгін күні бойы халықтың осы науқанға бір кісідей ат салысып жатқандығы байқалып тұрды. Өзім барған дауыс беру учаскеде ел ертеңі үшін бей-жай қарамайтын халықтың көптігін көріп, көңілім бір марқайды. Өз басым осы саяси науқанның нәтижесінен көп жақсылықтар күтемін. Елімізің қай саласы болсын дамитындығына мен күмән келтірмеймін.

Ержан Жақып, тілші:

Таңертеңнен бері семейліктердің дауыс беруін EXIT-POLL өкілдері де қадағалап, сауалнама жүргізген. Олардың мәліметінше тұрғындардың дені түске дейін өз таңдауларын жасаған. Қазір Семейдегі барлық референдум учаскелерінде дауыс санау аяқталуға жақын. Сәлден соң нақты нәтиже де белгілі болмақ.


Хабарламаларға жазылу