21 бала тәрбиелеп отырған отбасы референдумға қатысты
Саяси науқанда бүгін ақтөбеліктер де ерекше белсенділік танытты. Түске дейін учаскелерге ағылған халықтың қарасы көп болды.
Жақсыбек Кемал, тілші:
Халықтың көңіл-күйі өте жақсы. Референдум учаскелеріне келіп жатқан тұрғындар әлі де баршылық.
Қазір менің жанымда аймаққа белгілі өнерлі отбасы Жетесовтер тұр. Амангүл мен Өмірхан 21 бала өсіріп отыр. Оның 18-і патронаттық тәрбиеде. Жарасым тапқан жұп балаларын мейірімге бөлеп, ұлттық музыкаға баулып келеді.
Көркемай Жетесова «Шашу» халықтық-отбасылық ансамблінің мүшесі:
Балаларыңыз елі мен жерін сүйген азамат болып өсе берсін! Өңірде саяси науқан заң шеңберінде, талапқа сай өтіп жатыр.Қазірге дейін халықтың негізгі бөлігі таңдау жасап үлгерді. Жалпы, облыс бойынша дауыс беру құқығы бар 559 мың адам тіркелген.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22