Маңғыстау облысында осы уақытқа дейін 240 мыңнан аса адам дауыс беріп үлгерді
Маңғыстау облысында осы уақытқа дейін 240 мыңнан аса адам дауыс беріп үлгерді. бұл электораттың 59,14 пайызы. Әсіресе Маңғыстау, Түпқараған және Мұнайлы аудандарының тұрғындары ерекше белсенділік танытты
Соңғы дерек бойынша маңғыстауда 215 мыңнан астам адам дауыс берді. Бұл 53,13 пайыз. Маңғыстау, Түпқараған жәгне Мұнайлы аудандары алда келеді. Ақтау қаласында дауыс берушілердің басым бөлігі яғни, 150 мыңға жуық халық тұрады. Референдумға соның жартысынан көбі қатысты.
Гүлфайруз Ниялова, Ақтау қаласының тұрғыны:
Бүгін мен үшін ерекше күн. 18 ге толып, дауыс беріп тұрмын. Осындай шараға елдің бір мүшесі ретінде қатысқаныма қуанамын. Бұның барлығы біздің болашағымыз үшін жасалып жатқанын жақсы түсінемін. Өзіме келер болсам, «мемлекеттік басқару» мамандығын таңдап отырмын. Болашақта үздік маман болып, Қазақстанды одан әрі дамытуға атсалысамын.
Өңірде референдум талапқа сай өтіп жатыр. Тұрғындардың дауыс беруіне әлі де 3 сағаттай уақыты бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Референдумға дайындық пысықталды
11.03.2026, 20:59
Жаңа Конституция жобасындағы өңірлердің негізгі рөлі талқыланды
11.03.2026, 20:57
15 наурыз күні қоғамдық көлік тегін қатынайды
11.03.2026, 20:55
Канада елшісі: Хоккей – өмірімнің бір бөлігі
11.03.2026, 20:54
«Shalqar» радиосының жаңа студиясы ашылды
11.03.2026, 20:52
Бөкей хандығының 225 жылдығына арналған іс-шаралар басталды
11.03.2026, 20:50
Паралимпиада-2026: Жерлестеріміз алғашқы ондыққа кірді
11.03.2026, 20:47
Қазақстан мен Қатар қылмысқа қарсы күрес жөнінде келісімге келді
11.03.2026, 20:15