Қазақстанның Франциядағы елшілігінде орналасқан 246 учаскеде отандастарымыз дауыс беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның Франциядағы елшілігінде орналасқан 246 учаскеде отандастарымыз дауыс беруде

05.06.2022

Нұрсұлу Қасым, тілші:

Еуропа төрінде де референдум қызу жүріп жатыр. Қазақстанның Франциядағы елшілігінде орналасқан 246 учаскеде олар таңғы сағат 7-ден бері таңдау жасауда. Францияның түкпір-түкпірінен азаматтар келіп жатыр. Ұлттық нақыштағы киімдер тігіп, Еуропаға танымал болған қазақстандық дизайнер Мәди Сыпатаев Парижден 900 шақырым жердегі Ницца қаласынан референдумға арнайы ұшып келіпті. Алыстан ат шаптырып келгені үшін және ең бірінші боп дауыс бергені үшін жерлесіміз учаскенің арнайы сыйлығына ие болды.

Мәди Сыпатаев, дизайнер:

Референдумға қатысып, өз көңілімді айтып, халықпен бірге референдумды қолдағанымды көрсеткім келеді. Мерекелеріңіз құтты болсын. Тек қана қуаныш болып, Қазақстанның туы желбірей берсін. Еліміз тыныш болсын. Аспанымыз ашық болсын.

Париждегі нөмірі 246 учаскеде дауыс беруге 130 жуық қазақстандық тіркелген. Онан бөлек Парижде қазір Еуропа қазақтарының құрылтайы өтіп жатыр. Сол құрылтайға елден келген делегация өкілдері де бүгін осы жерде дауыс бермек. Жалпы, Францияда оқитын студенттер, жұмыс бабымен жүрген Қазақстан азаматтары кешкі сағат сегізге дейін өз таңдауын жасай алады.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу